Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кітапханасы алғашқы аударылған 18 кітапты алды. Бұл ағылшын, неміс және орыс тілдерінен аударылған философия, социология, психология, мәдениеттану, дінтану, тіл білімі, экономика, менеджмент пен кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің алдыңғы қатардағы университет студенттері оқитын ең үздік оқулықтар. Авторлар арасында Дерек Джонсон, Энтони Кенни, Карен Армстронг, Н. Грегори Мэнкью, Дональд Ф. Куратко, Эллиот Аронсон, Клаус Шваб және т.б. бар.
Көрме кітапхананың оқу залдарында (барлық оқу ғимараттарында) жұмыс істейді.
В рамках спецпроекта «100 новых учебников», по переводу лучших иностранных книг на казахский язык, библиотека Восточно-Казахстанского государственного университета им.С.Аманжолова получила первые экземпляры переведенных книг. Это книги по философии, экономике, менеджменту, психологии, религиоведению, социологии и др. отраслям знания, в переводе с английского, французского и русского языков. Учебники – бестселлеры по которым обучаются студенты ведущих университетов мира. Среди авторов Дерек Джонсон, Энтони Кенни, Карен Армстронг, Н. Грегори Мэнкью, Дональд Ф. Куратко, Эллиот Аронсон, Клаус Шваб и др.
Выставка действует в читальных залах (во всех учебных корпусах) библиотеки.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- МГУ имени М.В.Ломоносова
- Université de Paris VIII Vincennes–Saint-Denis
25 livres clés de la philosophie
- Түпнұсқа атауы: 25 livres clés de la philosophie
- Автор: Rémi Hess
- ISBN: 5-8029-0D26-1
- Тілі: Français
- Басылым жылы: 2015
- Бет саны: 368
- Бірінші басылымы: 1995
Автор туралы:
Париж университетінің профессоры Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты талдауы студенттерді көрнекті ойшылдар және олардың шығармаларымен француз философиялық мектебі тұрғысынан таныстырады.
Аннотация:
Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды Батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол Батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына енді ден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды. Жинақта әр философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- Harvard University
- Oxford University
- Moscow State University
A Brief History of Philosophy from Socrates to Derrida.
- Авторы: Derek Johnston
- ISBN-10: 0826490204
- ISBN-13: 9780826490209
- Тілі: English
- Баспа: Bloomsbury Academic
- Басылым жылы: 2014
- Бет саны: 224
- Бірінші басылымы: 2006
Автор туралы:
Философияның дамуына айрықша үлес қосқан ойшылдардың тұлғасы мен олардың шығармашылығына арналған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» әр дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғаларды, әдеби және көркем туындыларды философия тұрғысынан талдайды.
Аннотация:
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- University of Oxford
- California Institute of Technology
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
- Princeton University
- Princeton University;
- ETH Zurich-Swiss Federal Institute of Technology Zurich
- University of California, Berkeley
- Brown University
- Columbia University
- Cornell University
- University of Pennsylvania
- Yale University
A New History of Western Philosophy (Volume 1) Ancient Philosophy.
- Авторы: Anthony John Patrick Kenny
- ISBN-10: 0198752725
- ISBN-13: 978-0198752721
- Тілі: English
- Баспа: Oxford University Press
- Басылым жылы: 2014
- Бет саны: 364
- Бірінші басылымы: 2007
Автор туралы:
«Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице-канцлері, Британ академиясының президенті болған Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық қамтиды.
Аннотация:
Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- University of Oxford; California Institute of Technology
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
- Princeton University
- ETH Zurich-Swiss Federal Institute of Technology Zurich
- University of California, Berkeley
- Brown University
- Columbia University
- Cornell University
- University of Pennsylvania
- Yale University
A New History of Western Philosophy (Volume 2) Medieval Philosophy.
- Авторы: Anthony John Patrick Kenny
- ISBN-10: 0198752725
- ISBN-13: 978-0198752721
- Тілі: English
- Баспа: Oxford University Press
- Жылы: 2014
- Бет саны: 352
- Бірінші басылым: 2007
Автор туралы:
«Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице-канцлері, Британ академиясының президенті болған Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық қамтиды.
Аннотация:
Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі ХІІІ және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналғанымен, Кеннидің ұлы философтардың ойларын терең талдайтын әңгімелері, ең алдымен, Батыс философиясына ден қойып жүрген студенттерге қызық болмақ. Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяндарына арналған ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- Harvard University
- Columbia University
- Cornell University
- Dartmouth College
A History of Modern Psychology.
- Авторы: Duane P. Schultz, Sydney Ellen Schultz
- ISBN-10: 1305630041
- ISBN-13: 978-1305630048
- Тілі: English
- Баспа: Wadsworth Publishing
- Басылым жылы: 2015
- Бет саны: 425
- Бірінші басылым: 1998
Автор туралы:
Дуэйн және Сидней Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» пәнінің қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі дамуын қамти отырып, роботтар мен жасанды интеллект секілді жаңа құбылыстарды психология тұрғысынан талдайды.
Аннотация:
«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады. Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- Harvard University
- University of Oxford
- University of Cambridge
- Сornell University
- Stanford University
- University of California, Berkeley
- Moscow State Technical University
Social Psychology
- Авторы: David Myers, Jean Twenge
- ISBN-10: 0077861973
- ISBN-13: 978-00778619711
- Тілі: English
- Баспа: McGraw-Hill Education
- Жылы: 2014
- Бет саны: 688
Автор туралы:
Танымал америкалық маман Дэвид Майерстың «Әлеуметтік психология» оқулығы осы саладағы дүние жүзінің маңдайалды университеттері мойындаған негізгі оқулықтың бірі.
Аннотация:
Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- Harvard University,
- University of Oxford,
- University of Cambridge,
- Cornell University,
- Stanford University,
- University of California, Berkeley
The Social Animal 11th edition
- Авторы: Elliot Aronson
- ISBN-10: 1429233419
- ISBN-13: 978-1429233415
- Тілі: English
- Баспа: Worth Publishers
- Жылы: 2014
- Бет саны: 431
- Бірінші басылым: 1972
Автор туралы:
Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам табиғаты мен болмысы арқылы жол салған ерекше туынды. Оқулық атауының қазақша баламасы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе».
Аннотация:
Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- Harvard University
- University of Oxford
- University of Cambridge
- Cornell University
- Stanford University
- University of California, Berkeley
- Moscow State University
Sociological Theory 10th edition
- Авторы: George Ritzer,Jeffrey Stepnisky
- ISBN-10: 1506337716
- ISBN-13: 978-1506337715
- Тілі: English
- Баспа: SAGE Publications
- Жылы: 2017
- Бет саны: 832
- Бірінші басылым: 1995
Автор туралы:
Қазіргі әлеуметтану ғылымының ең беделді өкілі, Корнелл университетінің профессоры Джордж Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастарды ұштастыра отырып талдайды.
Аннотация:
Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теорияларына терең шолу жасайды.
Sapiens: A Brief History of Humankind
- Авторы: Yuval Noah Harari
- ISBN-13: 978-601-7943-26-4
- Тілі: English
- Жылы: 2018
- Бет саны: 368
- Бірінші басылым: 2014
Автор туралы:
Израильдік тарихшы-медиевист Юваль Ной Хараридің «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» атты әлемдік бестселлері өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.
Аннотация:
Жүз мың жыл бұрын Homo sapiens осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді. Экожүйеде горилладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ, елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Homo sapiens-тің когнитивті қарым-қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды және күйреді? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Ғылым мен капитализм қалай ғана жаңа заманның ең басты арқа сүйеріне айналып шыға келді? Жүйткіген уақыт ағымында адамдар шынайы бақытқа кенеле алды ма? Болашақта бізді не күтіп тұр?
The 7 Habits of Highly Effective People
- Авторы: Stephen R. Covey
- ISBN-13: 978-601-7943-27-1
- Тілі: English
- Жылы: 2018
- Бет саны: 352
- Бірінші басылым: 1989
Автор туралы:
«Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді.
Аннотация:
Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға оқитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды. Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай? Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Маңызды әрі шұғыл шаруаның қайсысына алдымен кезек берген жөн? Күн сайын көлденең келетін жаңа сынақтарға төтеп беру үшін өзімді қалай жетілдіремін? Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі — төрткүл дүниені түгел мойындатқан «…7 дағды».